HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Сақталған тапсырманы жасау (Mac OS X)

background image

Сақталған тапсырманы жасау (Mac OS X)

Тапсырмаларды кез келген уақытта басып шығара алатындай етіп өнімге сақтауға болады.

1.

Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.

2.

Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.

3.

Əдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді.
Мəзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз да, Жұмысты сақтау мəзірін басыңыз.

4.

Ашылмалы тізімдегі Күй сақтаулы тапсырманың түрін таңдаңыз.

Растау жəне Сақтау: Тапсырманың бір көшірмесін басып шығарып, тексеріңіз де,
қосымша көшірмелерді басып шығарыңыз.

Жеке Тапсырма: Тапсырма өнімнің басқару тақтасында сұрағанша басып
шығарылмайды. Егер тапсырмаға жеке идентификациялық нөмір (PIN)
тағайындасаңыз, басқару тақтасында қажетті PIN кодын енгізуіңіз керек.

Жедел көшірме: Тапсырманың қажетті көшірмелер санын басып шығарып, одан кейін
тапсырма көшірмесін өнімнің қатты дискінде сақтай аласыз.

Сақталған Тапсырма: Тапсырманы өнімде сақтап, басқаларға тапсырманы кез
келген уақытта басып шығаруға мүмкіндік беріңіз. Егер тапсырмаға жеке

KKWW

Басып шығару тапсырмаларын өнімде сақтау

85

background image

идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз, тапсырманы басып шығаратын адам
басқару тақтасында қажетті PIN кодын енгізуі керек.

5.

Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін, Өзгертілмелі
түймешігін басып, пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.

Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса, қандай опция пайдаланылатынын
таңдаңыз.

+ (1 - 99) жұмыс атауын
пайдалану

Тапсырма атының соңына бірегей сан қосыңыз.

Бар файлды ауыстыру

Бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен алмастырыңыз.

6.

Егер 3-қадамда Сақталған жұмыс немесе Жеке жұмыс опциясын таңдасаңыз,
тапсырманы PIN кодымен қорғауға болады. Басып шығару үшін PIN кодын
пайдаланыңыз
жолағына 4 таңбалы сан енгізіңіз. Басқа адамдар осы тапсырманы басып
шығарғысы келгенде өнім осы PIN нөмірін енгізуге кеңес береді.

7.

Тапсырманы өңдеу үшін Басып шығару түймешігін басыңыз.