HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Windows)

background image

Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Windows)

ЕСКЕРІМ:

Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы

болмауы мүмкін.

1.

Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасында мына
іс рəсімді орындау арқылы тоқтатыңыз:

а.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Тоқтату түймешігін басыңыз. Өнім
тапсырманы кідіртеді, сөйтіп

Fax Job Status (Факс тапсырмасының күйі)

экраны

ашылады.

ə.

Сенсорлы экрандағы тізімде бас тартылатын баспа тапсырмасын басыңыз, содан
кейін

Тапсырмадан бас тарту

түймешігін басыңыз.

б.

Принтер бас тартуды растау ұсынысын береді.

Иə

түймешігін басыңыз.

2.

Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару
тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.

Software program: (Бағдарлама:) Əдетте компьютер экранында қысқа уақыт ішінде
диалог терезесі көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.

Windows баспа кезегі: Егер баспа тапсырмасы кезекте тұрған болса (компьютер
жадында) немесе баспа спулерінде болса, тапсырманы сонда жойыңыз.

Windows XP, Server 2003 немесе Server 2008: Пуск (Бастау), Настройки
(Параметрлер) түймешіктерін басыңыз жəне содан кейін Принтеры и факсы
(Принтерлер мен факстар) түймешігін басыңыз. Терезені ашу үшін өнім
белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ
түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту) тармағын таңдаңыз.

Windows Vista: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін
басып, Настройки (Параметрлер) пəрменін, содан кейін Принтеры (Принтерлер)
пəрменін таңдаңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз,
тоқтатылатын баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан
кейін Отменить (Бас тарту) тармағын таңдаңыз.

Windows 7: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін
басыңыз, содан кейін Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер)
тармағын таңдаңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз,
тоқтатылатын баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан
кейін Отменить (Бас тарту) тармағын таңдаңыз.