HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - HP ePrint бағдарламалық құралын пайдалану

background image

HP ePrint бағдарламалық құралын пайдалану

HP ePrint бағдарламалық құралы кез келген HP ePrint қолдайтын өнімге жұмыс үстелінен
немесе ноутбуктен басып шығаруды оңай етеді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін,
қолданбадан Басып шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint
тармағын таңдаңыз. Бұл бағдарламалық құрал ePrintCenter тіркелгісіне тіркелген HP ePrint
қосылған өнімдерді табуды оңай етеді. Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында
болуы мүмкін, мысалы, филиал кеңсесі немесе дүние жүзінде – Интернетті пайдалана отырып
қашықтан басып шығара аласыз. Мақсатты өнім дүниенің кез келген бөлігінде бола алады, егер
ол интернетке қосылған жəне ePrintCenter есептік жазбасында тіркелген болса, басып шығару
тапсырмасын өнімге жібере аласыз.

Windows жүйесі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы сонымен бірге қолдау көрсетілетін
PostScript® өнімдеріне желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дəстүрлі
тікелей IP басып шығаруды қолдайды.

Драйверлер мен ақпаратты алу үшін

www.hp.com/go/eprintsoftware

бетіне өтіңіз.

Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер

Windows® XP (32 биттік, SP 2 немесе жоғары)

ЕСКЕРІМ:

Майкрософт Windows XP жүйесін негізгі қолдауды 2009 жылдың сəуірінде

тоқтатты. HP тоқтатылған XP амалдық жүйесін қолдау үшін күш салуды жалғастырады.

Windows Vista® (32 биттік жəне 64 биттік)

Windows 7 (32 биттік жəне 64 биттік)

Mac OS X 10.6 жəне 10.7 нұсқасы

ЕСКЕРІМ:

HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс

үрдісінің қызметтік бағдарламасы жəне техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac
жүйесі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы басып шығару жолдарын тек ePrintcenter
арқылы қолдайды жəне жергілікті желілік принтерлерге тікелей IP басып шығаруды
қолдамайды.

KKWW

HP ePrint бағдарламалық құралын пайдалану

89