HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Тонер картриджінің күйін тексеру

background image

Тонер картриджінің күйін тексеру

Тонер картридждерінде қалған пайдалану мерзімін жəне қолданыста болса, басқа
ауыстырылатын бөліктердің күйін тексеру үшін осы қадамдарды орындаңыз.

1.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда

Басқару

түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.

2.

Мына мəзірлерді ашыңыз:

Есептер

Конфигурация/күй беттері

3.

Есепті басып шығару үшін,

Жабдықтар күйі

опциясын таңдап, содан кейін

Басып шығару

түймешігін түртіңіз.

4.

Тонер картридждері үшін қалған пайдалану мерзімінің пайызын жəне қолданыста болса,
басқа ауыстырылатын бөліктердің күйін тексеріңіз.

Басып шығару сапасының мəселелері шамаланған пайдалану мерзімі аяқталатын тонер
картриджін пайдаланғанда орын алуы мүмкін. Жабдықтың деңгей беті жабдық деңгейі өте
төмен екенін көрсетеді. HP жабдығы ең төменгі шегіне жеткенде, сол құрал бойынша HP
бастапқы қорғау кепілдігі аяқталады.

Басып шығару сапасы жарамсыз болып кетпесе, жабдықты қазір ауыстырудың қажеті жоқ.
Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз.

Тонер картриджін немесе басқа ауыстырылатын бөлшектерді ауыстыру қажеттігін
анықтаған кезде, жабдықтар күйінің беті түпнұсқа HP бөліктерінің нөмірлерін тізімдейді.

5.

Түпнұсқа HP картриджін қолданып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз.

Түпнұсқа HP тонері картриджінде “HP” немесе “Hewlett-Packard” сөздері немесе HP
таңбасы болады. НР картридждарын анықтау туралы қосымша ақпаратты қарау үшін

www.hp.com/go/learnaboutsupplies

бөліміне өтіңіз.

Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қайта өңделген HP емес жабдықтарды
пайдалануды ұсына алмайды. Олар HP компаниясының өнімдері болмағандықтан,
HP компаниясы олардың əзірленуіне ықпал ете алмайды жəне сапасын бақылай алмайды.
Егер қайта толтырылған немесе қайта өңделген тонер картриджін пайдаланып, баспа
сапасына қанағаттанбасаңыз, картриджді түпнұсқа HP тонер картриджімен алмастырыңыз.