Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына əсер етуі
мүмкін. Сканердің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазалау үшін келесі процедураны
орындаңыз.
1.
Өнімді өшіру үшін қосқышты пайдаланып,
одан кейін электр қуаты сымын электр
розеткасынан ажыратыңыз.
2
2.
Сканердің қақпағын ашыңыз. Кір мен
дақтардың орнын анықтау үшін, көшірме
зақымдары бар қағазды сканер
шынысымен туралаңыз.
262 Бап 10 Мəселелерді шешу
KKWW
3.
Төмендегі аймақтарды тазалау үшін,
абразивті емес шыны тазалағышпен
ылғалданған жұмсақ шүберекті немесе
губканы пайдаланыңыз.
1. Сканер қақпағының астындағы ақ
поролон жабын
2. Негізгі сканер шынысы
3. Құжат бергіш шынысы (сканердің сол
жағындағы кішкене шыны жолақ)
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
поролон тіректі былғары немесе
целлюлоза шүберекпен құрғатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Өнімнің кез келген бөлігін
тазалау барысында абразивті заттарды,
ацетонды, бензинді, аммиакты көміртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей
шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар
астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ:
Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын
міндетті түрде тазалаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Көшірмелерде жабысуларды
тудыратын қалдықтарды анықтау жəне
тазалау жолы туралы көрсетілімді
ағылшын тіліндегі бейнеден қараңыз:
www.youtube.com/watch?v=CGn7FJvH8sE
.
1
2
3
4.
Қуат сымын розеткаға қосып, содан кейін
өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2