HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - «Мәселелерді шешу» тексеру парағы

background image

«Мəселелерді шешу» тексеру парағы

Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.

1.

Егер басқару тақтасы бос немесе қара болса, мына қадамдарды аяқтаңыз:

а.

Қуат сымын тексеріңіз.

ə.

Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.

б.

Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сəйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу
талаптарын өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның
кернеуі талаптарға сай болмаса, өнімді тікелей қуат розеткасына қосыңыз. Егер ол
қуат розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.

в.

Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP компаниясының Пайдаланушыға
қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.

2.

Басқару тақтасы

Дайын

күйін көрсетуі тиіс. Егер қате хабары көрсетілсе, қатені шешу үшін,

басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.

3.

Кабельді тексеріңіз.

а.

Өнім мен компьютердің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған
жерлерін тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.

ə.

Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.

б.

Желілік байланысты тексеріңіз.

4.

Таңдалған қағаз өлшемі мен түрі техникалық сипаттамаларға сай екенін тексеріңіз.
Сондай-ақ, өнімнің басқару тақтасында

Науалар

мəзірін ашып, науаның қағаз түрі мен

өлшемі үшін дұрыс теңшелгенін тексеріңіз.

5.

Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер өнім желіге қосылған болса, HP Jetdirect беті
де басылып шығады.

а.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда

Басқару

түймешігін түртіңіз.

ə.

Мына мəзірлерді ашыңыз:

Есептер

Конфигурация/күй беттері

Конфигурация беті

б.

Бетті басып шығару үшін

Басып шығару

түймешігін түртіңіз.

Егер бет басып шығарылмаса, кемінде бір науада қағаздың болуын тексеріңіз.

Өнімде қағаз кептеліп қалса, шығару үшін басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.

Егер бет дұрыс басып шығарылмаса, HP тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.

Бет дұрыс басып шығарылса, проблема қолданып отырған компьютеріңізде, принтер
драйверінде немесе бағдарламада болуы мүмкін.

226 Бап 10 Мəселелерді шешу

KKWW

background image

6.

Өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз. Бағдарламалық құралды
тексеріп, өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз. Принтер
драйвері өніммен бірге берілген ықшам дискіге жазылған. Сондай-ақ, принтер драйверін
мына веб-тораптан жүктеп алуға болады:

www.hp.com/go/ljflowMFPM525_software

.

7.

Жұмыс істеп тұрған басқа бағдарламалық құралдан қысқа құжатты басып шығарыңыз.
Егер шешім нəтиже берсе, онда ақаулық пайдаланып отырған бағдарламалық құралда
болуы мүмкін. Егер ол мəселені шешпесе (құжат басылып шықпаса), мына қадамдарды
аяқтаңыз:

а.

Тапсырманы өнімнің бағдарламалық құралы орнатылған басқа бір компьютерден
басып шығарып көріңіз.

ə.

Егер өнімді желіге қосқан болсаңыз, онда ол өнімді компьютерге тікелей USB
кабелімен қосыңыз. Өнімді тиісті портқа бағыттаңыз немесе қолданып отырған жаңа
қосылудың түрін таңдап, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.

KKWW

«Мəселелерді шешу» тексеру парағы 227