Факс ақаулықтарын шешу кестесі
Туындаған кез келген факске қатысты ақаулықтардың себебін анықтауға көмектесу үшін келесі
кестені қолданыңыз:
●
Факс жабдығымен берілген факс кабелін қолданып жатқаныңызға сенімдісіз бе?
Факс жабдығы RJ11 жəне қызметтік спецификацияларға сəйкес келу үшін берілген факс
кабелімен сынақталған. Басқа факс кабелімен ауыстырмаңыз; аланогтық факс жабдығы
аналогтық факс кабелін талап етеді. Бұл да аналогтық телефон қосылымын қажет етеді.
●
Факс/телефон желісін қосқыш факс жабдығының розеткасына тығылған ба?
Телефон ұясының розеткаға дұрыс тығылғанын тексеріңіз. Ол «сырт» еткенше қосқышты
розеткаға тығыңыз.
●
Телефонның қабырға ұясы дұрыс жұмыс істеп тұр ма? Телефонды қабырға ұясына
қосу арқылы теру дыбысының болуын тексеріңіз. Теру дыбысын естіп тұрсыз ба жəне
телефон қоңырауын шалу немесе қабылдау мүмкін бе?