HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - VoIP арқылы факс желілерін пайдалану

background image

VoIP арқылы факс желілерін пайдалану

VoIP технологиясы аналогтық телефон сигналын сандық биттерге түрлендіреді. Содан кейін
олар интернетте тасымалданатын бумаларға жиналады. Бумалар мақсатты орында немесе
оған жақын қайтадан аналогтық сигналдарға түрлендіріліп, тасымалданады.

Ақпарат интернетте аналогтық емес, сандық түрде тасымалданады. Сондықтан, факсты
тасымалдауда аналогтық жалпы қолданыстағы телефон желісінен (PSTN) басқа факс
параметрлерін қажет етуі мүмкін əр түрлі шектеулер бар. Факс синхронизация мен сигнал
сапасына өте тəуелді, сондықтан, тасымалдау VoIP ортасына сезімталдау.

VoIP қызметіне қосулы кезде HP LaserJet аналогтық факс жабдығы 500 параметрлерінде келесі

өзгертулер ұсынылады:

Факс жылдамдығын тез (V.34) режиміне орнатып жəне қателерді түзету режимі (ECM)
қосулы күйде бастаңыз. V.34 протоколы VoIP желілерін үйлестіру үшін қажет тасымалдау
жылдамдығындағы кез келген өзгертулермен жұмыс істейді.

Факс жылдамдығы тез күйіне орнатылғанда көп қателер немесе қайталанатын əрекеттер
орын алса, оны орташа күйіне орнатыңыз (V.17).

Егер қателер жəне қайталанатын əрекеттер жалғасса, факс жылдамдығын баяу (V.29) деп
орнатыңыз, өйткені кейбір VoIP жүйелері факспен байланысты жоғарырақ сигнал
жылдамдықтарымен жұмыс істей алмайды.

Сирек жағдайларда, қателер қайталанса, өнімде ECM өшіріңіз. Сурет сапасы төмендеуі
мүмкін. Бұл параметрді пайдаланбас бұрын сурет сапасын ECM үшін қабылдайтындай
деңгейде екеніне көз жеткізіңіз.

Егер алдыңғы параметр өзгертулері VoIP факс сенімділігін жақсартпаса, анықтама алу
үшін VoIP провайдеріне хабарласыңыз.