HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Құжатты беру құрылғысында кептелістер, ығыс кету немесе қағаздың бірнеше парақтарын алу туындаса

background image

Құжатты беру құрылғысында кептелістер, ығыс кету немесе қағаздың

бірнеше парақтарын алу туындаса

Түпнұсқада алынып тасталуы қажет қапсырмалар мен өзіндік жабыстыру жазбалары
сияқты бір нəрсе болуы мүмкін.

Барлық шығыршықтардың орнында болуын жəне құжатты беру құрылғысы қақпағының
жабық болуын тексеріңіз.

KKWW

Қағаз қате беріледі немесе кептеледі 231

background image

Жоғарғы құжатты беру құрылғысы қақпағының жабық екенін тексеріңіз.

Беттердің дұрыс орналастырылмаған болуы мүмкін. Беттерді түзетіп, буманы ортаға
орналастыру үшін қағаз бағыттауыштарын сəйкестендіріңіз.

Қағаз бағыттауыштары дұрыс жұмыс істеуі үшін қағаз бумасының бүйірлеріне тиіп тұруы
қажет. Қағаз бумасының түзу жəне бағыттауыштардың қағаз бумасы бойымен
орналастырылғанын тексеріңіз.

Құжатты беру құрылғысының кіріс науасы немесе шығыс науасы беттердің ең үлкен
санынан көп бетті қамтуы мүмкін. Қағаз бумасының төмендегі кіріс науасындағы
бағыттауыштарға сəйкес келетінін тексеріңіз жəне шығыс науасынан беттерді алып
тастаңыз.

Қағаз жолында ешбір қағаздың бөліктерінің, қапсырмалардың, қағаз қыстырғыштарының
немесе басқа қалдықтардың болмауын тексеріңіз.

Құжатты беру құрылғысының шығыршықтары мен бөлуші төсемесін тазалаңыз. Қысылған
ауаны қолданыңыз немесе жылы сумен дымқылданған түксіз матаны қолданып
тазартыңыз. Дұрыс жүктемеу əлі де туындаса, шығыршықтарды тазалаңыз.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда

Жабдықтар

түймешігіне жылжып барып,

түртіңіз. Құжатты беру ролигі жинағының күйін тексеріп, қажет болса, ауыстырыңыз.

Егер құжат беру ролигі жинағын жақында ауыстырған болсаңыз жəне өнім бірнеше парақ
алса немесе кептелсе, бөлгіш тақтаның жоғары-төмен қозғалып тұрғанын тексеріңіз. Егер
бөлгіш тақта қозғалмаса, оның астындағы серіппе дұрыс орнатылмаған. Бөлгіш тақтаны
қайтадан орнатып, серіппенің майысып қалмағанын тексеріңіз.