HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Өнім басып шығармайды

background image

Өнім басып шығармайды

Егер өнім тіптен басып шығармайтын болса, төмендегі шешімдерді орындаңыз.

1.

Өнімнің іске қосылғанын жəне басқару панелінің дайын болуын тексеріңіз.

Егер басқару панелінде өнімнің дайын емес екендігі көрсетілсе, өнімді ажыратып,
қайтадан қосыңыз.

Егер басқару панелі өнімнің дайын екенін көрсетсе, тапсырманы қайтадан жіберіңіз.

2.

Егер басқару панелі өнімде қате бар екенін көрсетсе, қатені қайта жөндеп, тапсырманы
қайтадан жіберіңіз.

3.

Барлық кабельдердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі
элементтерді тексеріңіз:

Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.

Желіге қосылу үшін телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.

Желі маршрутизаторы, концентратор немесе ажыратқыш қосылғанын жəне дұрыс
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.

4.

Өніммен бірге берілген CD дискіден HP бағдарламалық құралын орнатыңыз немесе UPD
принтер драйверін қолданыңыз. Жалпы принтер драйверлерін пайдалану басып шығару
кезегіндегі тапсырмаларды жойғанда кідірістерге себеп болады.

5.

Компьютеріңіздегі принтерлер тізімінен, осы өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties («Сипаттар») параметрін таңдап, Ports («Порттар») қойындысын
ашыңыз.

Егер желіге қосылу үшін желі кабелін пайдалансаңыз, Ports («Порттар»)
қойындысындағы принтер атауы өнімнің реттеу бетіндегі өнім атауына сəйкес
келетінін тексеріңіз.

Егер USB кабелін пайдаланып, сымсыз желіге қосылып жатырсаңыз, Virtual printer
port for USB
(«USB виртуалды принтер порты») жанына құсбелгі қойылғанын
тексеріңіз.

6.

Егер компьютерде жеке желіаралық дидар жүйесін пайдалансаңыз, өніммен жасалған
байланыс бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды
уақытша ажыратыңыз.

7.

Егер компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар
немесе кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.

278 Бап 10 Мəселелерді шешу

KKWW