Сканерлеу үшін контрастты реттеу
Беттегі ең ашық жəне ең күңгірт түс арасындағы айырмашылықты арттыру немесе азайту үшін
Контраст
параметрін реттеңіз.
1.
Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу
мүмкіндігінің түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2.
Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.
3.
Экранның төменгі жағындағы
Қосымша параметрлер
түймешігін түртіңіз.
4.
Суретті реттеу
түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса,
Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5.
Контрастты төмендету үшін сол жақтағы
Контраст
жүгірткісін реттеңіз немесе контрастты
арттыру үшін оны оң жаққа реттеңіз.
6.
Өзгерістерді сақтау үшін,
OK
түймешігін түртіңіз.
7.
Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.