Сканерлеу үшін құжат файл түрлерін таңдаңыз
Бір құжатты сканерлегенде, нəтижеде шығатын файл үшін бірнеше құжат файлы түрлерінің
бірін таңдауға болады.
1.
Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу
мүмкіндігінің түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2.
Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.
3.
Экранның төменгі жағындағы
Қосымша параметрлер
түймешігін түртіңіз.
128 Бап 7 Сканерлеу/жіберу
KKWW
4.
Құжат файл түрі
түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса,
Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5.
Опциялар тізімінен құжат файл түрін таңдаңыз.
6.
Өзгерістерді сақтау үшін,
OK
түймешігін түртіңіз.
7.
Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Төмендегідей стандартты файл түрлерін пайдалануға болады:
●
: Бұл файл түрі үздік жалпы кескін жəне мəтін сапасын қамтамасыз етеді.
файлдарын көру үшін Adobe® Acrobat® Reader бағдарламалық құралы қажет.
●
JPEG
: Бұл файл түрі — көптеген сызбалар үшін жақсы таңдау. Көптеген
компьютерлерде .JPEG файлдарын көруге болатын шолғыш болады. Бұл файл түрі бір
бетке бір файл шығарады.
●
TIFF
: Бұл — көптеген сызбалық бағдарламалар қолдайтын стандартты файл түрі. Бұл
файл түрі бір бетке бір файл шығарады.
●
MTIFF
: MTIFF көп бетті TIFF дегенді білдіреді. Бұл файл түрі бірненше сканерленген бетті
бір файлға сақтайды.
●
XPS
: XPS (XML Paper Specification) пішімі құжаттың бастапқы пішімдерін сақтап қалатын
XAML файлын жасайды жəне түс графикасы мен енгізілген қаріптерді қолдайды.
●
PDF/A
: PDF/A — электрондық құжаттарды ұзақ мерзімге мұрағаттауға арналған PDF түрі.
Құжаттағы пішім ақпаратының барлығы тəуелсіз болады.