HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Сканерлеу үшін автоматты сурет бағдары

background image

Сканерлеу үшін автоматты сурет бағдары

Беттегі мəтіннің кемінде 100 таңбасы бар түпнұсқа құжаттар үшін құрал беттің жоғарғы
жағындағы ұштың түрін анықтай алады жəне сканерленген суреттерді сəйкесінше бағыттайды.
Бірнеше бетті жəне кейбір беттерді басқа беттерге қатысты жоғарғы жағын төмен қаратып
сканерлеп жатсаңыз, нəтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер оң жағы жоғарыға
қараған болады. Кейбір беттерде альбомдық бағдар болса, өнім суретті беттің жоғарғы жағы
суреттің жоғарғы жағында болатындай бұрады.

1.

Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу
мүмкіндігінің түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.

2.

Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.

3.

Экранның төменгі жағындағы

Қосымша параметрлер

түймешігін түртіңіз.

4.

Мазмұн бағдары

түймешігін түртіңіз.

ЕСКЕРІМ:

Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса,

Қосымша параметрлер

түймешігін қайтадан түртіңіз.

5.

Автоматты түрде анықтау

опциясын таңдаңыз.

6.

Өзгерістерді сақтау үшін,

OK

түймешігін түртіңіз.

7.

Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.

KKWW

Сканерлеу үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 139