HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Сканерлеу үшін дұрыс берілмеуді автоматты түрде анықтау (HP EveryPage)

background image

Сканерлеу үшін дұрыс берілмеуді автоматты түрде анықтау (HP

EveryPage)

Бұл өнімнің құжат бергішінде парақтар сканерлеу механизміне енгенде олардың қалыңдығын
автоматты түрде анықтайтын сенсор бар. Егер сенсор бір уақытта екі немесе одан көп парақты
анықтаса, өнім тоқтап, парақтарды алып тастау туралы дабыл береді. Бұл параметр əдепкіде
өшірулі болады. Құжат бергіш арқылы бүгілген кітапшалар сияқты ауыр қағазды жəне
құжаттарды сканерлеу мүмкін болатындай бұл параметрді қайта анықтау үшін мына
нұсқауларды орындаңыз:

1.

Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу
мүмкіндігінің түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.

2.

Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.

3.

Экранның төменгі жағындағы

Қосымша параметрлер

түймешігін түртіңіз.

4.

Қате берілуді анықтау

түймешігін түртіңіз.

ЕСКЕРІМ:

Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса,

Қосымша параметрлер

түймешігін қайтадан түртіңіз.

5.

Оны таңдау үшін,

Ажыратулы

құсбелгісін қойыңыз.

6.

Өзгерістерді сақтау үшін,

OK

түймешігін түртіңіз.

7.

Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.

140 Бап 7 Сканерлеу/жіберу

KKWW