Сканерлеу үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 137
Төмендегідей стандартты файл түрлерін пайдалануға болады:
●
: Бұл файл түрі үздік жалпы кескін жəне мəтін сапасын қамтамасыз етеді.
файлдарын көру үшін Adobe® Acrobat® Reader бағдарламалық құралы қажет.
●
JPEG
: Бұл файл түрі — көптеген сызбалар үшін жақсы таңдау. Көптеген
компьютерлерде .JPEG файлдарын көруге болатын шолғыш болады. Бұл файл түрі бір
бетке бір файл шығарады.
●
TIFF
: Бұл — көптеген сызбалық бағдарламалар қолдайтын стандартты файл түрі. Бұл
файл түрі бір бетке бір файл шығарады.
●
MTIFF
: MTIFF көп бетті TIFF дегенді білдіреді. Бұл файл түрі бірненше сканерленген бетті
бір файлға сақтайды.
●
XPS
: XPS (XML Paper Specification) пішімі құжаттың бастапқы пішімдерін сақтап қалатын
XAML файлын жасайды жəне түс графикасы мен енгізілген қаріптерді қолдайды.
●
PDF/A
: PDF/A — электрондық құжаттарды ұзақ мерзімге мұрағаттауға арналған PDF түрі.
Құжаттағы пішім ақпаратының барлығы тəуелсіз болады.
Сондай-ақ, бұұл өнім келесі OCR файл түрлерін қолдайды:
●
Мəтін (OCR)
: Мəтін (OCR) түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды
(OCR) пайдалана отырып мəтіндік файлды жасайды. Мəтіндік файлды кез келген мəтінді
өңдеу бағдарламасында ашуға болады. Түпнұсқаның пішімдеуі бұл опцияны пайдаланып
сақталмайды.
●
Юникод мəтіні (OCR)
: Юникод мəтіні (OCR) — мəтінді үйлесімді көрсету жəне өзгерту үшін
пайдаланылатын салалық стандарт. Бұл файл түрі халықаралық ету жəне локализациялау
үшін пайдалы.
●
RTF (OCR)
: RTF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды
(OCR) пайдалана отырып RTF файлын жасайды. RTF — мəтінді өңдеу
бағдарламаларының көпшілігі арқылы ашуға болатын баламалы мəтін пішімі. Бұл опцияны
пайдаланғанда, түпнұсқаның біраз пішімдеуі сақталады.
●
Ізделетін PDF (OCR)
: Іздеуге болатын PDF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін
таңбаларды оптикалық тануды (OCR) пайдалана отырып іздеуге болатын PDF файлын
жасайды. Құжат осылайша сканерленгенде, PDF файлында белгілі бір сөздерді немесе
фразаларды іздеу үшін Adobe Acrobat® Reader бағдарламасының іздеу құралдарын
пайдалануға болады.
●
Ізделетін PDF/A (OCR)
: Іздеуге болатын PDF/A (OCR) — мазмұнды іздеуге мүмкіндік
беретін құжат құрылымы туралы ақпаратты қамтитын PDF/A файлының түрі.
●
HTML (OCR)
: HTML (OCR) бастапқы құжаттың мазмұнын қамтитын HTML файлын
жасайды. HTML файлдарды веб-беттерде көрсету үшін пайдаланылады.
●
CSV (OCR)
: CSV (OCR) — үтір бөлгіштері бар мəндерді қамтитын жалпы мəтіндік файл
пішімі. Бұл файл түрін мəтінді өңдеу, электрондық кесте немесе дерекқор
бағдарламаларының көпшілігі арқылы ашуға болады.