Жалпы факс жіберу параметрлерін конфигурациялау
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Басқару
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2.
Мына мəзірлерді ашыңыз:
●
Факс параметрлері
●
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
●
Fax Send Setup (Факс жіберу параметрлерін орнату)
●
Жалпы факс жіберу параметрлері
Келесі параметрлердің кез келгенін конфигурациялаңыз:
Мəзір тармағы
Сипаттама
Факс нөмірін растау
Факс нөмірін растау
мүмкіндігі қосулы кезде, дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету
үшін факс нөмірін екі рет енгізу керек. Бұл мүмкіндік əдепкі бойынша
өшірілген.
Компьютер арқылы факс жіберу
Компьютерден факстарды жіберу үшін
Компьютер арқылы факс жіберу
мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндік əдепкі параметрлер бойынша
қосылған.
Факс тақырыбы
Үстіңгі деректеме жоғарғы жаққа бекітілетінін жəне мазмұн төмен
ауыстырылатынын немесе үстіңгі деректеме алдыңғы үстіңгі деректеменің
үстінен қабаттасатынын басқару үшін
Факс тақырыбы
мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
JBIG қысу
JBIG қысу
мүмкіндігін қосу факсты тасымалдау уақытын азайту арқылы
телефон қоңырауларының ақысын азайта алады жəне таңдаулы параметр
болуы мүмкін. Бірақ,
JBIG қысу
мүмкіндігін пайдалану кейбір ескірек факс
машиналарымен үйлесімділік мəселелерін тудыруы мүмкін, бұл жағдайда
оны өшіру керек болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: JBIG қысу
мүмкіндігі жіберетін де, қабылдайтын да машиналарда
осы параметр бар болғанда ғана жұмыс істейді.
Error Correction Mode (Қатені түзету
режимі)
Əдетте, факс жабдығы факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон
желісіндегі сигналдарды бақылап отырады. Егер берілім кезінде факс
жабдығы қате тапса, жəне
Error Correction Mode (Қатені түзету режимі)
параметрі қосулы болса, факс жабдығы факстың қате бөлігін қайта жіберуді
сұрауы мүмкін.
Error Correction Mode (Қатені түзету режимі)
мүмкіндігі əдепкі бойынша
қосылған. Оны факсты жіберуде немесе қабылдауда мəселе болса жəне
берілімдегі қателерді жəне сурет сапасының ықтимал азаюын қабылдайтын
болсаңыз ғана өшіру керек. Факсті шетелге жіберу немесе шетелден факс
қабылдау кезінде немесе сіз телефон байланысын жер серігі арқылы
пайдалансаңыз, бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ:
Кейбір VoIP провайдерлері
Error Correction Mode (Қатені түзету
режимі)
параметрін өшіруді ұсынуы мүмкін. Бірақ, бұл əдетте қажет емес.
KKWW
Жалпы факс жіберу параметрлерін конфигурациялау 171