HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Факстар үшін ажыратымдылықты таңдау

background image

Факстар үшін ажыратымдылықты таңдау

Факс суреттерінің ажыратымдылығын көрсетуге болады. Кескіннің айқындығын арттыру үшін
жоғарырақ бір ажыратымдылықты таңдаңыз. Бірақ, ажыратымдылықты арттырғанда, файл
өлшемі де артады жəне факсты тасымалдау уақыты артуы мүмкін.

1.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда

Факс

түймешігін түртіңіз.

2.

Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.

3.

Экранның төменгі жағындағы

Қосымша параметрлер

түймешігін түртіңіз.

4.

Ажыратымдылық

түймешігін түртіңіз.

ЕСКЕРІМ:

Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса,

Қосымша параметрлер

түймешігін қайтадан түртіңіз.

5.

Ажыратымдылық

опцияларының бірін таңдаңыз.

6.

Өзгерістерді сақтау үшін,

OK

түймешігін түртіңіз.

7.

Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.