HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - EconoMode режимімен басып шығару

background image

EconoMode режимімен басып шығару

Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу
Режимі тонерді аздау пайдаланып, бір парақты басып шығару шығынын азайтады. Алайда,
Үнемдеу Режимі баспа сапасын да төмендетеді.

HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте
тозуы мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін
ауыстырған жөн.

ЕСКЕРІМ:

Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға

болады. Сол драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін
пайдаланып қосуға болады.

1.

Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.

2.

Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.

3.

Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.

4.

EconoMode (Үнемдеу режимі) параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

5.

Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін Жарайды
түймешігін басыңыз. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу
терезесіндегі Жарайды түймешігін басыңыз.