HP енгізілген веб сервері
Өнімнің күйін көру, өнімнің желі параметрлерін реттеу жəне өнімнің функцияларын өнімнің
басқару тақтасынан емес, компьютерден басқару үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз. HP ендірілген веб-серверін қолдану арқылы орындалатын əрекеттердің
мысалдары:
●
Өнім күйі туралы ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс
беріңіз
●
Науа конфигурацияларын қараңыз жəне өзгертіңіз
●
Өнімнің басқару панелінің мəзір конфигурациясын қараңыз жəне өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз жəне басып шығарыңыз
●
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе
алыңыз
●
Желі конфигурациясын көру жəне өзгерту
●
Жылдам орнатулар, Электрондық хат немесе Факс жасау, параметрлерін реттеу жəне қосу
үшін шеберлерді қолданыңыз
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғышыңыз келесі талаптарға сəйкес келуі қажет:
●
Windows: Microsoft Internet Explorer 5.01 немесе соңғы шыққаны немесе Netscape 6.2
немесе соңғы шыққаны
●
Mac OS X: Bonjour немесе IP мекенжайын қолдану арқылы Safari немесе Firefox
бағдарламалық құралын қолдану
●
Linux: Тек Netscape Navigator
●
HP-UX 10 жəне HP-UX 11: Netscape Navigator 4.7
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген
веб-сервері IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу
жəне пайдалану үшін Интернеттің болуы шарт емес.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.