Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-
серверін пайдаланыңыз.
1.
Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
●
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол
келесідей қалыпта болады:
xxx.xxx.xxx.xxx
●
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның форматы мынаған ұқсас:
xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx
2.
HP ендірілген веб-серверін ашу үшін веб-браузердің мекенжай жолына IP мекенжайын
теріңіз.
3.
Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.