HP LaserJet Enterprise 500 MFP M525 - Басқару панелінің анықтамасы

background image

Басқару панелінің анықтамасы

Құрылғының ішіне əр экранды пайдалану жолын түсіндіретін «Анықтама» жүйесі орнатылған.
Анықтама жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы

Анықтама түймешігін

түртіңіз.

Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мəзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды
іздеуге мүмкіндік береді. Мəзірдегі түймелерді түртіп, мəзір құрылымының ішін шарлауға
болады.

Жеке тапсырмалар опцияларын қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.

Құрылғы қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін Қате

түймешігін немесе Абайлаңыз түймешігін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою

нұсқаулары берілген.

Қажет жекелеген параметрлерге оңайырақ өту үшін

Басқару

мəзірінің толық есебін басып

шығаруға болады.

1.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда

Басқару

түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.

2.

Келесі мəзірлерді ашыңыз:

Есептер

Конфигурация/күй беттері

3.

Басқару мəзірінің картасы

опциясын таңдаңыз.

4.

Есепті басып шығару үшін,

Басып шығару

түймешігін түртіңіз. Есепті қарау үшін

Көру

түймешігін түртіңіз.

10

Бап 1 Өніммен танысу

KKWW